Ашығу туралы

Ашығу туралы ой маған қайдан келді? Бес жыл бойы денемдегі артық бес килограмм салмақты тастау маған проблема болып келді. Күнделікті спортпен айналысып, дұрыс тамақтануым, бұл, тек артық салмақ қоспай, қалыпты жағдайды ұстауға ғана септігін тигізеді.

Мендегі проблема, бұл денедегі зат алмасу проценінде деп күдіктендім. БРТ диагностикасынан өткен кезде, доктор менің май және ағуыз зат алмасуым бұзылғандығын айтты (көмірсу алмасуларында барлығы жақсы, өйткені мен жеңіл көмірсуларды мүлде жемеймін). Ал енді май және ағуыз зат алмасулардың бұзылғандығы нәтижесінде, қандай диетада отырып арықтасаңызда, уақыт өте келе, қайтадан салмақ қосасыз.

Бұл зат алмасу процестерін қалай бұзып алдым?

Бес жыл бұрын мен босандым. Мен босанғаннан кейін депрессияда болдым және салмағым артты. Содан кейін, мен Дюкан ақуыз диетасын ұстанып, нөлдік тағамдар бойынша жалған дұрыс тамақтануды (майлылығы төмен) жүзеге асырдым. Міне, осы, менің денемдегі зат алмасу процессіне әсер етті.

Бұл зат алмасу процесін қалпына келтіру үшін шын мәнінде дұрыс тамақтану үрдісін ұстану керек, бұ,апн ұзақ жылдар қажет немесе ағзаны және ол жердегі барлық процестерді қайта қалпына келтіру үшін емдік ашығу.

Емдік ашығудың маған қандай пайдасы бар? Адам ашыққан кезде ацидотикалық метоболизм процесі пайда болады, ағза қышқылданады, ағзаға сырттан тамақ келмегесін эндогендік яғни іштен тамақтануға көшеді. Әдеттегі өмірде ағза мен ми тамақ арқылы қоректенеді, ашыққан сәтте іштегі сырқатқа ұшыраған, шалажансар және майлы клеткаларды жей бастайды.бірақ, бұған дейін эндогендік қоректену ацидоттық кризден өтеді. Бұл дегеніміз не? Ағза қоректенетін тағамның жетіспеушілігінен тісте, тілде қағтар пайда болады, ацетон иісі, жүрек айну және ағзаның улануының барлық белгілері пайда болады. Мұның бәріне шыдау керек. Әдетте, криз 7-8 тәулікте басталады, ал бұрын ашыққан адамдарда одан ертерек басталады.

Мен неліктен ішті тазартқаннан кейін ғана ашығуды бастадым? Таза ішектер, тазартылған ұйқыбезі, ашық ағымдары бар бауыр криздің болуын жылдамдатады. Ал ағза лас болса, алғашқыда сол лас қалдықтармен және ішектегі қалдық тамақтармен қоректенеді. Бұл криздің болуын кешеуілдетеді.

Жеке тәжірибем келесі постта.

Ашығу туралы жеке тәжірибем...

Ашығуды сәрсенбі күгі бастадым, бірақ сейсенбі күні брокколи мен кәді (кабачок) сорпасын іштім. Оған дейін бір апта ет , күріш және басқа да ауыр тамақтарды жемедім. Сәрсенбі күні ештеңе жемедім, бірақ тазарту процедураларын қабылдадым. Сол күні менің күні бойы ұйқым келіп жүрді. Бейсенбі күні ұйқыдан басым ауырып, тісім мен тілім ақ қақтарға толы тұрдым. Ацетонның жаман иісі, бас айналу, әлсіздік, жүрек айну және т.б., екіқабат кездегі таксикоза сияқты сезімде болдым. Тамақ жегің келеді, бірақ иісінен жүрегің айниды. Бұл ацидотиткалық метаболизм кризінің басталғандығының белгісі болатын. Кұні бойы тұманда жүргендей әсерде болдым. Бұл кезде ағзаға көмектесу маңызды. Көмектесу үшін әрекет жасау алгаритімін құрдым.

  1. Ацидоз кезінде сілтілі суды көбірек ішу қажет.
  2. Бұлшықеттерге жүк түсірілуі керек. Кеше жүре алмағандықтан, клиникаға барып жалпы массаж жасауды өтіндім.
  3. Оттек дәрі тамызғышын қабылдадым.
  4. Саунаға барудан бас тарттым, өйткені құлап қалам деп ойладым.
  5. Мүмкін болатын пробиотиктердің бәрін сатып алып, іше бастадым.
  6. Жалбыз қайнатып іштім.
Инсулин бөлінген кезде өте нашар сезінетінімді түсіндім. Бұл таңертеңгі сағат 11 мен кешкі сағат 17 аралығы. Мұндай кезде қолдау қажет. Бейсенбіде сағат 11 дәрі тамызғыштың астында жаттым да, сағат 17 шәй қасықтың 1/3 балды тілімнің астына салдым.

Бейсенбі күні өте қиын болды. Қайда барсамда тамақтың иісі. Инстаграм ашсамда тамақтың суретін салғандардың қарасы көп. Тіпті, ойыңа қолдан лагман соқып, ашичукпен палау, асқабақпен манты жесем деген ойлар оралды. Тамақпісіре алмадым. Күйеуімнің іссапарда болғаны жақсы болды. Үлкен балаларым тамақты мектептен ішеді, кішкентайымды әпкеме жібердім. Кешке бәрі сол жерден тамақтанды. Әпкемнің болғанына және ол маған жақын жерде тұратындығы үшін Тәңіріме алғыс айтам.

Ағзаны тазалау процедурасы





Остеохондроз

Менің дайректіме "Сіздің остеопат остеохондрозды емдей ме?" деген сұрақ келді.

Мен остеопаттар деген кімдер екендігі жөнінде жеке пост жазамын, ал қазір остеохандроз туралы айтамын, сосын өздеріңіз жоғарыдағы сұраққа жауап бере аласыз.

Остеохондроз-бұл сүйек шеміршектеріндегі дистрофиялық өзгерістер және сүйек тінінің өсуі. Ол несеп қышқылының артық болуы, оның әр түрлі органдар мен буындарда, әсіресе омыртқаларда орналасуына алып әкеледі. Жиі кездесетін жерлері, бұл мойын-жаға аймағы, кеуде және бел бөлімі, аяқ-қолда болуы мүмкін.

⠀Зәр қышқылы құрамында пурин бар өнімдерді пайдалану нәтижесінде шығарылады. Оларға ет, қызанақ, баклажан және т.б. жатады. Егер адам аз қозғалса, лимфа тоқырау, несеп қышқылы ағзадан шығарылмайды және оның қышқылдану процесіне ықпал етеді.

⠀Зәр қышқылы қысыңқы буындарда қалады. Әдетте бұл мойынның денеге бекітілген орны, өйткені қозғалыс жоқ, қалыпты қан айналысы төмен, лимфа ағыны болмайды, сондықтанда, ол ұлғая бастайды. ⠀

Адам жылдар бойы ет жеп, қозғалмады, бір жерде отырды, оның лимфа ағыны мен қан айналысы төмен, қаны қышқылданған, лимфасы қою, әрине, осылардың нәтижесінде пайда болған остеохондроз түріндегі проблемасы бар.

⠀Енді ұзақ жылдар бойы бойына жинаған осы проблемаларды остеопаттың бір ғана тәсілімен емдегісі келеді. Бірақ остеопат сиқырлы таяқшасы бар фея емес!!! Остеопат буын мен сүйек тіндерін ұстап тұратын қасындағы фасцийді босаңсу арқылы жағдайды жеңілдетуі мүмкін, лимфа ағынын және жаңа қан айналымын қалпына келтіріп, уақытша жағдайды жақсарту мүмкін. Бірақ ол остеохондрозды емдей алмайды!!!

⠀Өйткені, жалғыз жолы - өмір салтын өзгерту, саналы түрде тамақ ішу, дұрыс қимылдар жасау. Ал егер адам остеопатқа келіп, кетчуппен ет жеп, 8 сағат жұмыста бір қалыпта отырса, содан кейін тағы 5 сағат өзінің гаджетін қараса, аса керемет нәтижеге қол жеткізбейсіз.

⠀Остеохондроз-бұл аса ыждағаттықпен мұқият шешуді қажет ететін проблема, сонымен қатар, оны шешуге аса ниеттену керек. Ал остеопат бір тәсілімен адамның өмір салтын, оның тамақтануын өзгерте алмайды және оның өмірін жандандыра алмайды. Сондықтан да, остеопаттар тек жағдайды жеңілдету тәсілін қолданады, бірақ одан сауығып кету өз қолыңызда.

Шын мәнінде, остеохондроз ауру емес, өмір салтын түзете алатын ағзаның жағдайы. Сонымен, остеохондроз дегеніміз не – бұл, несеп қышқылының деңгейінің жоғарлауы және буындарда қозғалыстың болмауы.

Несеп қышқылының деңгейін арттыру остеохондроздың пайда болуына ғана емес, сонымен қатар бүйректе құмның, өт қабында үлпектердің пайда болуына әкеледі. Сондықтан зәр қышқылының деңгейін бақылауда ұстау маңызды!

⠀1. Несеп қышқылының деңгейіне талдау жасау. Егер ол орташадан жоғары болса, ағзаны ыдырату керек, яғни минералдарды ішу, су ішуді арттыру, құрамында пурин бар өнімдерді азайту (мысалы, ет күніне 1 рет).

⠀2. Молибден мен мыстың деңгейін тексеру, ол несеп қышқылын ағзадан шығарады, егер мысалы, шаштың спектральды талдауы бойынша бұл минералдар тапшы болса, онда, онда несеп қышқылы жоғары болады.

⠀3. Халық тәсілдерін кеңінен қолдану, яғни Брусник пен крапива-шырындарын ішу, шай қайнатып ішу, олардың негізінде бадтарды қабылдау, оларды Iherb-да табуға болады. ⠀ 4. Проблемасы бар буындарды қозғалысқа түсіру керек. Алдымен остеопатиялық массаж сияқты, бұлшықеттерді және проблемалы аймақтың фасциясын босаңсыту керек. Содан кейін дене жаттығуларын қосуға болады, бірақ бұлшықтерге жаттығу жасауға болмайды! Барлық жаттығулар осы бұлшық еттердің босаңсуына және тартылуына бағытталуы тиіс, бұл микроциркуляцияны реттеуге мүмкіндік береді. Физикалық жаттығуларсыз, остеопатқа барудың нәтижесі көп ұзаққа бармайды.

Және барлық жаттығулар саналы түрде жасалуы керек, әйтпесе жарақат алу қаупі бар!

Бет әлпетті сәндеу

Соңғы эфирдің ізімен макияжға қолданылған құралдары назарларыңызға ұсынамын.

  • Бетке негіз үшін jurassik spa тоналды кремді қолданамын, әдетте өзім қалыпты теріге арналғанын пайдаланамын. Ал майлы және проблемалы теріге арналған тоналды кремдері бар.
  • spf қорғанысы бар ВВ опа (пудра) @roekminerals , түсі See sand тон 03. Мен қараторы болғандықтан, сондай түс қолданамын.
  • Кешкі макияж жасау кезінде, жақ сүйегінің астынан қабақ бояуымен (тени) сызу үшін скульптор пайдаланамын (арық қылып көрсетеді), жақ сүйегі жоғары көрінуі үшін Roekminerals хайлайтерін жағамын. Сондай-ақ, hayleiter-ды мұрын ұшы мен жоғары еріннің ортасына және көздің ішкі бұрышына қолданамын.
  • Қабақтарыма екі түсті Roekminerals минералды қабақ бояуларын (тени) - қоңыр күңгірт және сәл жылтыры бар сарғыш түстерін жағамын.
  • Көзді Мен Zao make-up сызамын, бірақ, ол өкінішке орай, бізде жоқ.
Көзге тушь пайдаланбаймын, себебі әлі күнге органикалық тушь таппадым.

⠀Барлық макияж соңында Мен барлық макияжды ұзақ сақтау үшін минералды бояуды пайдаландым. Ол фиксатор рөлін атқарады.

⠀Бетімнің екінші жартысына күн сайын қолданатын макияжды жасадым, қасты қоңыр минералды қабақ бояуымен боядым, көз бұрыштарына сарғыш қабақ бояуын және ылғалданған теріге ВВ пудрасын жақтым.

Теріні гидролатпен ылғалдандырамын, кімде өте құрғақ тері, онда гидролатпен, содан кейін скваланмен ылғалдауға болады, сквалан сіңірілгеннен кейін, пудраны қолдануға болады.

⠀Қысқаша осылай!

Ерін туралы ертегі

Барлықтарыңызға сәлем жолдаймын! Жатар алдында ертегі тыңдауға қалай қарайсыздар? ????
Менің барлық ертегілерімнің соңы хэппи энд пен аяқталады, сондықтанда біздің бет әлпетіміздің сұлулығы өз қолымызда! ????
Сәлем, Сіздермен бірге Марат Толқын FaceFitness.kz жобасы. Бүгін бізде ерін туралы ертегі. Жылдар өтіп, жасымыз ұлғайған сайын еріндеріміз жіңішкеріп, ерін бұлшықеттері қысқарып, ерін жиіктері төмен қарап, «мұңаю» кейіпіне түседі.

Жалғасын IGTV және YouTube менің Tolkyn Marat атты арнамнан көре аласыздар!!!

Сәлем, қымбатты менің оқырмандарым!

Толқын Мараттың "FaceFitness: бетке арналған миофасциалды гимнастика" авторлық курсының ___ ағымын бірге бастайық!!! ⠀

Не қажет:

1. Жоғары жылдамдықты интернеттің болуы (жоғары сапалы бейне).

2. Месенджерде Telegram және Instagram болуы.

3. Курсқа тіркелу.

4. Курсты төлеу.

Тіркелу! Инстраграм профилінде сілтеме бар ???? (біздің бетше @FaceFitness.kz) , ол жерде тіркеуге арналған форма бар ⏩ . тіркеліп болғаннан соң Сізбен FaceFitness.kz жобасының өкілі хабарласады.

Курс бағдарламасы:

кіріспе вебинар: - курспен қалай жұмыс істеу керек;

- бет қалай қартаяды;

- өз бет әлпетіңізді қалай сауатты түрде өз қолыңызға аласыз.

Сіз диагностика үшін бет пен дененің профилін және жанынан түскен фотосын жібересіз. Әр қатысушы Толкын Мараттан жеке кеңес алады.

«___» ________________ аралығында курстың бірінші аптасы-апоневротикалық дулыға, самырсын бұлшық етпен, құлақпен жұмыс істейміз, маңдайды тегістейміз, көз айналасымен жұмыс істейміз.

«___» ________________ вебинар - бірінші апта жаттығуларын талдау.

«___» ________________ аралығында-курстың екінші аптасы.

Айналмалы жаттығу-бұлшықеттермен ауыздың айналмалы бұлшық етімен жұмыс істеу. Мұрынның тарылуы, еріннің ұлғаюы, бет сопақшасының жақсаруы және мойынның тартылуы.

«___» ________________ вебинар - екінші апта жаттығуларын талдау.

«___» ________________ дейін дербес жұмыс. Кері байланыс! Әрбір қатысушы барлық орындалатын жаттығулардың бейнелерін видеомен жібереді. Орындау техникасы бойынша кері байланыс алады. «___» ________________ қорытынды.

Ең үздік нәтиже үшін марапат. орын - 50 000 теңге. орын - 30 000 теңге. орын - 15 000 теңге.

⠀Он-лайн курстың құны 20 000 (жиырма мың) теңге (төлем күнгі бағам бойынша). АКЦИЯ!!!!!!! 4 қарашаға дейін курсты төлегенде курстың құны 15 000 (он бес мың) теңге (төлем күнгі бағам бойынша). Барлық мәліметтерді онлайн курс әкімшісінен (Дана) мына байланыс нөмірі + 77015292622 арқылы ала аласыздар.

Менің бір жақсы құрбым бар, біз 10 жыл бойы сөйлесеміз.

Ол менің немен айналысатынымды жақсы біледі. Мен осы қызметті бастаған кезде, ол гимнастикамен айналысуға әлі ерте деп ойлаған, өйткені, ол өз жасына қарағанда әлдеқайда жас көрінетін. Ал мен ешқашан адамдарды гимнастикамен айналысуға шақырмаймын, өйткені, жаңа дағдылар шын мәнінде пайдалы болуы үшін адам өзі жетілуі керек. Екі жыл бұрын, оның мұрын ерін қатпары белсенді көріне бастағанымен, ол өзін гимнастика жасау үшін тым жалқаумын деп емептеп, оңай жолы бет-әлпетіне ине шаншу жолын таңдады.

Мен өз бетшеме мұрын ерін қатпары қыртысы туралы ертегіні орнатқан күні менің досым қоңырау шалып, бұрын неге мұрын ерін қатпарының себебін жеткілікті түсіндірмедің, неге филлердің одан құтылудың жолы еместігін айтпадың деп еңіреуге жақын тұрды.

Кешірім қымбат, мен енді ғана ақпаратты жеткізу шеберлігімді шыңдау барысындамын деп жауап бердім. Содан кейін оны тыныштандырып, бұдан да өткен талай филлерлермен жұмыс істегенбіз, сенің жағдайың проблема емес деп жұбаттым.

Бұл 5 минуттық видео менің танысымның өз бет әлпетіне саналы түрде қарым қатынас жасау керек екендігін сездірді.

Сонымен, ине шаншылған мұрын ерін қатпарымен не істейміз?

Бірден айтайын, МФЖ бойынша курстағы остеопатиялық техника филлермен және олардан пайда болған фиброздармен тамаша жұмыс жасайды. Бірақ, ол үшін сәйкесті ниет болуы керек. Бірақ, бет әлпетіңіз филлерден соң баяу қалпына келеді, сондықтанда нәтиже кейінірек болады.

Егер қызықты болса, лайк басуды ұмытпаңыздар!

Бетшемізден Жаңа айдар ашамыз!

Барлықтарыңызға Сәлем! Егер фото ұнаса, бірден 2 рет басыңыз (Бұл менің жаңа фотосессиямнан алынған). Шынымды айтсам, Инстаграмда маған белсенділік жетіспейді (тек түнде ғана қолым тиеді), сондықтанда, қамту аясы төмендейді. Бұл дегеніміз, барлық жазылушылар менің посттарымды көрмейді. Сондықтан Сізге қандай тақырыптарда әңгіме өрбіткен ұнайды! Менің бетімнің белсенділігін арттыру үшін "Видео-жауап" айдарын іске қосқым келеді. Бұл сізді қызықтыратын сұрақтарға видео жауаптар болады.

Сұрақтар бет, дене, күтім қатысты кез келген бағытта болуы мүмкін және т. б..

Сіз пікір қалдыратын жерде сұрақтар жазасыз, ал мен Сіздер үшін қызықты болып табылатындарға назар аударамын.

Кеттік ендеше!

Армандар орындалады! Және оларды біз өзіміз жасаймыз! (Жұма түні). Жарты жыл бұрын мен өмір дизайны тақырыбында пост оқыдым.

Біздің өміріміз қандай, ол:

1. Денсаулық

2. Отбасы

3. Жұмыс

4. Ойын-сауық.

Егер өміріміздің барлық 4 құрамдас бөлігі бізді қанағаттандырса, онда біз бақытты.

Мен өз денсаулығыма, отбасыма және жұмысыма көп уақыт бөлемін деп ойладым.

Ал сендер ше, қалай сауық құрасыздар? Біз балалардың көңілін көтеру үшін киноның балаларға арналған сеанстарына, саябақтарға және т.б. орындарға барамыз, ал шопинг көптен бері менің көңілімді көтермейді, құрбыларыммен және достарыммен кездесулер өте сирек, өйткені әркімнің өз жобалары бар және өз отбасыларымен бірге. Кейде, күйеуіммен кездесуге барамын,бірақ бұл сирек.

Менің көңіл күйімді көтеретін нәрсені мұны ұмытып қалыппын. Қорқынышты жағдай! Мен неден қуаныш, энергия және күш алатынымды ойладым. Мен би туралы есіме түсірдім, көп жылдар бойы би билеуді армандаймын, ал, бірақ, оған уақыт жоқ.

Сонда менің күйеуім "сен қазір жасай алатын нәрсеңді неге армандап отырсың. Саған не кедергі?" деді. Содан, бір апта бойы би жаттықтырушысын іздей бастадым, жарты сағат ішінде таптым. Уақыт белгілеп, кездестік. Екінші жаттығуда бидің бастамасы байқалды. Айтпақшы, Бағалаңыз?! Бұл посттың мәні: армандарыңыздың жүзеге асуын кейінге қалдырмаңыз, кейде оны жарты күн ішінде жүзеге асыруға болады!

Қыздар, сіздер қалай көңіл көтеретіндеріңізді айтып беріңіздер?

Мүмкін, кештер ұйымдастырармыз?



Мен бүгін өте ризамын!

ұзақ күн болды. Бірақ, біз@aikhafizova және оның мықты командасымен бірлесіп, менің жаңа онлайн курсым мойын мен арқаға арналған миофасциалды гимнастика бойынша түсірілімді аяқтадық. Жанды тренинг үшін осы курстың фотосеті жасалды.

Роекминералс косметикасын жасауға үйрендім. (Көтен қысылмаса, мұны үйренуге болмайды). Сондай-ақ, Тренерлар курсы үшін Көпшілік оферта шартының жобасын аяқтадым. Бұл дегеніміз, демалыс күндері Тренерлер курсына тіркелу мүмкіндігінің пайда болғандығы.

Кім жақсы? Мен жақсымын!

PS: фотосессия жүріп жатқанда, фотоға түсірушіден Инстаграмға адамдар адам сүйсінерлік фигураларымен және бет әлпеттерімен керемет суреттерді қалай жасайды деген сұрағыма, мұның 90% ИГ немесе фотошоптың көмегімен деп жауап берді.

Ал мен лашбек, өліп-талып, денем мен бетіме көңіл бөліп әспеттеп жүрсем, бәрі оңай шаруа екен ғой.

Бірақ, менде дене мүшелерімнің барлығы табиғи өз қалпында (өзімді осылайша тыныштандырып, ұйқтауға кеттім). Барлығыңызға қайырлы түн!



Ашығу және бет әлпет

Барлықтарыңызға жалынды Сәлем! Ашығудың нәтижесі менің бет әлпетіме қалай әсер еткендігі туралы айтудың уақыты келген сияқты.

Адам ағзасы тамақтан жеткілікті мөлшерде ақуыз , май және көмірсулар алмаған жағдайда, адам жайбасар бола бастайды (энергия жеткіліксіз болады) және ағза өз майлары мен ақуыздарының (бұлшық ет тіні) қорын жейді. Менің тазалану кезімде, еттен бас тарту бетке әсер етпейді, өйткені, тамақтардың құрамында жаңғақтар мен жасыл шөптер болды. Бірақ ашығу кезінде бетке келесідей әсер етті:

1. Тері құрғақ болды. Мен 3 литрге дейін су ішуге тырыстым. (Қазір жақсы болды, шертпелі массаж және гидролат өз ісін жасайды).

2. Көз айналасындағы бұлшықет көк-қызылды пигменттер пайда болды (микро және макро элементтердің тапшылығы). Үшінші күні көз айналасында бұлшық ет жұқарғанын байқадым. (Көз ішіне кіре бастады деген сезім пайда болды. Бұл жағдайда менің комплексімде жаттығудың бар болғандығы жақсы болды). Бұл жерде артық майлы тіннің жоқ екенін ескере отырып, бұлшықет тіні қолданылады.

3. Сол үшінші күні Биш түйір майының қатты іскенін байқадым,осының арқасында бет арықтаған. Бірақ, жақ бұлшықеті қалыпты тургор екенін ескере отырып, бет қисаймады және бұл МФЖ үлкен пайда. Егер адамның бұлшық ет тіні дамымаған болса, онда кез келген арықтау беттің салбырауына әкеледі.

4. Тазаланудың бесінші күні терінің түсі ағара бастады. Соның нәтижесінде пайдаланып жүрген опам енді жарамсыз болғандықтан, реңкті өзгертуге тура келді.

5. Ашығудың үшінші күнінен бастап МФЖ- ның (мио-фасциалды жаттығудың) толық курсымен айналысуым міндетті, күн сайын (бұрын толық курсты аптасына екі рет істейтін едім, енді рационда ақуыз жоқ болғанда, бұлшық етті нығайтуды жаттығулары арқылы ұстап тұруыма міндеттімін). Қыздардың беттерінен ақуыз тінінің жетіспейтіндігін көрген кезде, мен алдымен ақуызды тұтынып, содан кейін ғана МФЖ-мен айналысу маңызды деп айтамын. (Ақуызсыз жаттығулар, бұл бос жаттығулар. Қан адамға келеді, ал егер қанның химиялық құрамы нашар болса, бұлшықеттерді бекітетін жер жоқ). Менің ашығуым мұны тағы да растады!

Сондықтан да, Бет әлпетті жақсарту үшін тек жаттығу жасау жеткіліксіз!

Пост пайдалы болды деген үміттемін! Егер ұнаса барлығы еңбегім үшін!

Барлығыңызға тыныш түнтіледім!

Тазалану

Барлықтарыңызға Сәлем! Сіздерге уәде еткендей Менің тазалану процедуралары бойынша түйіндемемді назарларыңызға ұсынамын. #жеке тәжірибе

Тазалану мен ашығуға өзіңді дайындауың керек. Ертең магнезияны ішіп, өзімді тазалаймын, содан кейін ашығамын деп шешім қабылдау. Бұл шешім емес. Бұл тәсіл өз денеңді қатты күйзеліске түсіру және оған зиян келтіру. Барлық тазалану рәсімдерін жасауды және дәрігердің бақылауымен ашығуды ұсынамын.

Ең маңызды қадам.

1. Өз ағзаңыздың жағдайын диагностикалау:

Іш қуысын УДЗ. Бұл өте маңызды!

Өт жолында құм, тас және тб жоқ екендігін нақтылау. Сіз онда қандай да бір ісіктің бар екенін білмейде өмір сүруіңіз мүмкін. Тіпті, олар екі айда пайда болуы мүмкін. Тазалану кезінде тастарды жылжытуыңыз мүмкін және олар кептеліп қалуы мүмкін. Онда тек жедел жол ғана қалады. Бұл ретте адам тұтас органынан айырылады.

2. Тазалануға дайындық ретінде ұсталынатын диета. Ондағы міндет асқазан-ішек жолдарындағы артық жүктемелерді жою. Басқаша айтқанда, диетадан бір апта бұрын барлық ұн, ет, сүт, жұмыртқа өнімдерін рационыңыздан алып тастаңыз. Тек көкөністер мен пісірілген жемістер, қарақұмық, тұқымдар, саңырауқұлақтар мен ботқаны қалдырыңыз.

3. Тазаланғаннан кейін ашығу кезеңінде нақты тәсілді ұстану керек. Егер Оганян бойынша болса, онда барлық шөптер (өт айдайтын және паразиттерге қарсы) сатып алыңыз. Мен бұл шөптерді ішпеймін, өйткені менің жағдайымда паразиттер биорезонанстық толқындармен өлтірілген.

4. Ашығу кезеңінде сілтілі су көп ішу.

5. Ашығу кезеңінде ішекті пайдалы бактериялармен қамту! Бұл тазаланудың барлық процесіндегі ең маңыздысы. Егер бәрі тазаланған болса, бірақ қамтылмаса, онда барлық күш-жігеріңіз және сіздің бастан кешкендеріңіздің бәрі бекер. Қамту тәсілдерін алдын ала ойлаңыз. Ферталь немесе хилак форте таблеткаларының өздері жеткіліксіз болады. Бактерияларды ректальді енгізу туралы оқыңыз. Рационыңызда пробиотиктер мен пребиотиктер болуы керек.

6. Ашығудан шығу кезеңі өте маңызды. Өйткені, қол жеткізілген нәтижелерді сақтап қалуымыз керек.

Қанша күн ашықтық, сонша күн ашығудан шығуымыз керек. Ашығудан шырындар мен көкөніс езбесінқоректену арқылы шығу. Оған қоса, буланған немесе пісірілген көкөністер (бұларды шайнауға болады). Нан, ұн, сүт, жұмыртқа, ет және басқа да ауыр тамақ ашығудан бір айдан кейінпайдалану керек. Оның өзінде өте аз мөлшерде.

  1. Дәретті бақылау. Егер пайдалы болса!
Ертең бет әлпеттің реакциясы туралы айтамын.

Ашығудың жалғасы

Барлықтарыңызға жалынды Сәлем! Жеке тәжірибеммен бөлісуді жалғастырамын#. Бейсенбіде әзер төсекке жеткен мен, тіпті сөйлеуге шамам келмеген. Жұма күні таңертең таңғы сағат 5-те ояндым! Өзімді Сергек сезіндім, әрі ұйқым келмеді. Ұйқым келмесе тұрып, асүйді тазалайын, өйткені, ол жерде бейберекетсіздік орын алған. Аздаған бас айналу бар, ауызда қақ жоқ, ацетон иісі аз ғана сезіледі. Бастысы, жатқым келмейді. Бірақ, тамақ жегім келеді. Отырып алып сілтілі суды іше отырып үш пост жазып тастадым (Ас үй солай қалды).

Кризден бар болғаны екі күн ішінде өткенім жөніндегі ойлар басымнан шығар емес. Өзім сенбеймін.

Сергек болуым, қақтың және ацетонның болмауы ағзаның эндогенді тамақтануға көшкенін білдіреді. Тьфу-тьфу-тьфу. Бұл солай деп үміттенемін! Мен сенбіге дейін кризді өтуім керек деп өзімді өзім дайындаған болатынмын. Өйткені демалыс күндері менде күндізгі тренинг. Сонымен қатар, кенеттен балалар үшін дәмді ас дайындау ниеті пайда болды.

Ацидоздың екі күнінде, мен эндогенді тамақ алдым. Енді мен оған не ықпал еткенімді көремін және талдаймын:

1. Таза ішкі органдар.

2. Паразиттер санының азаюы немесе олардың болмауы (Мен бір апта бойы аппаратта жаттым).

3. Массаждың арқасында бұлшық еттің белсенділігі.

4. Сілтілі сусын.

Мен мұның бәрін интуитивті жасадым! Шамасы, бұл жұмыс жасаған. Нәтижелер туралы айтуға әлі ерте. Бірақ, мен қандай да бір нәтиженің болғанына өте қуаныштымын.

Келесі постта тазалануға дайындық туралы жазамын.

Келесі пост көргіңіз келсе, Лайк қойыңыз.



Барлықтарыңызға жалынды Сәлем!

Мен ашығуды 7 күн және одан шығу үшін тағы 7 күн арнадым.

Бүгін клиникадағы өзімнің емдеуші дәрігерімнен кеңес алдым. Ашығу процессін Огонянның классикалық жолымен емес, өзге жолды таңдадым.

Күні кеше ішкі органдарымның тазаланғанын ескерсек, яғни, ұйқы безі, бауыр және басқа да органдардың таза күйде тұрғандықтан, ашығуды кейінге қалдырмай бастап кеттім.

Төменде көрсетілгендерді пайдаланып ашығуды бастадым:

1. Сілтіленген су. Оны @ Акваспектрум алған таяқшаның көмегімен жасаймын novolife.kz

2. Итмұрын, жалбыз, Мелис, түймедақ және мия (соңғысы лимфаны жүргізу үшін), қайнатпасы @ecoshop.astana.

3. Мен шырындар ішемін. Бірақ, шырын сыққышым сынып қалған.Ертең шнекті шырын сыққышын алуға барамын.

Қайсысы жақсы және ұзақ уақытқа шыдамды екенін айта отырсаңыздар. Интернетте көптеген түрлері бар екен.

4. Пробиотиктерді міндетті түрде қабылдау керек - менің iherb-ден тапсырысым келгенше, күніне үш рет Ферталь (сұйық пішінді) және 3 рет Пробиз, қырыққабаттан дайындалған су және пребиотик және зығыр немесе чиа киселін қабылдаймын.

Тазаланудан кейін ішектегі ең маңызды процес бұл орнықтыру.

Бұл туралы біз әлі айтамыз.



Тазалану процессі

Бүгін менен тазалану тақырыбында екі рет сұрады. Тазалану Астанадағы 24/12 клиникадасында (олардың Instagramын білмеймін) өтуде.

Бұгін тазаланудың жетінші күні, әзірге бәрі қалыпты.

Мен алған барлық процедуралар мағын жағымды түрде әсер етуде (карусельдегі суреттер).

  1. Мен паразиттердің, саңырауқұлақтардың, вирустардың (герпес типті), бактериялардың жиіліктерімен жұмыс істейтін аппаратта жатамын . Яғни, оларды өлтіретін жиіліктер. Айтпақшы, менде БРД шұжық өнімдерінен берілген бір паразит бар екені айтты. Иә, мен 20 жыл бойы шұжық жеген жоқпын,ал бұлар денеңде 40-50 жыл өмір сүре алады екен.
  2. Менің ауруларымның биорезонансына қалыптастырылған түйірлерді жеймін. күніне үш рет жеймін. Уім керек.
  3. Маған О3 Озонымен жасалған ертіндіден екпе жасайды.
  4. Менің меридиандарымды теңгеру үшін мыс пластиналары бар аппаратта отырмын. Шығыс медицина тақырыбын білетіндер меридиан туралы біледі.
5. Spa-оттегі спа Оху қабылдадым.

6. Самырсын бөшкесі.

7. Гидромассажы бар сілтілі ванна.

8. Іштің висцералды массажы.

Көріп отырғаныңыздай, бәрі өте тамаша!

Тамаққа қатысты біраз шектеулер бар: ет, ұн, тәтті, ащы болмайды, (мені таң қалдырмайды) ботқа мен бұқтырылған көкөністермен ғана қоректенемін. Маған жаңғақтар мен жемістерден бас тарту қиын. Мен рационыма Витграсс пен жасыл смузиды қостым.

ИКС күні ертең. Бүгінгі күні кештен бастап ештеңе жеуге болмайды. Дюбаж артелерия, гидроколонотерапия және т. б. түріндегі қиын процедуралар алда. Нәтижелер туралы кейінірек айтатын боламыз.

Өзіме сәттілік тілеймін!



Остеопат

Менде жаңалық бар! Остеопат табу тақырыбына көп сұрақтар аламын.

Сіз білесіз бе, мен остеопат, м.ғ. к., доктор Юрий Валентинович Чикуровтан оқыдым. Мүмкін, біреулеріңіз оның сүйекішілік, бұлшық ет және фасциалды кернеулермен жұмыс істеу авторлық әдістерімен таныс шығарсыздар. Жұмысымның қауыр болуына байланысты мен оның дене бойынша әдістемесін тек өз отбасыма - менің хоккейшілеріме қатысты ғана қолданамын.

Сөйтіп, мен Астанада екі ай болатын курстасыммен хабарласатым.

Біздің орталығымызда @Facefitness.kz 3 қыркүйек пен 31 қазан аралығында доктор Ю. В. Чикуровтың шәкірті остеопат Короткевич Ольга Стерановна жұмыс істейді.

Оның әдістемелерінің көмегімен:

  • ішкі ағзалардың спазмдары (бауыр, ұйқы безі және т.б.) алу.
  • тері ішіндегі кернеуді алу, соның ішінде жарақаттан кейін.
  • аяқ-қолдың функционалдық қысқаруымен жұмыс.
  • буындардың дисфункцияларымен жұмыс.
Телефон арқылы жазылу+7778 453 63 39

Остепатиялық массаж



Бүгін біздің орталықтағы остепатикалық массаж туралы айтқым келеді @facefitness.kz. Бұл остеопатиялық техникалардың элементтерімен жасалатын массаждан қысқа мерзімде жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Суреттегі жас адам орта мойын омыртқаларының "түсіп кету" проблемасына ие. (бұл туралы әлі жазамын). Әдетте, отырып жұмыс жасау салтының нәтижесінде мойынның артқы жағындағы бұлшық еттің түйілуінен, олардың қысқаруына әкеледі. Осы спазма нәтижесінде мойын омыртқаларының сүйек тіндері деформацияланады, көбінесе 3 және 4 омыртқа. Барлық осы өзгерістер, әрине, қан тамырларының жай-күйіне (олар да қысылады) және сұйықтықтың бас пен беттен сұйықтың ағынына (сұйықтықтың бет пен баста тұрып қалуы) әсер етеді. Нәтижесінде адам зардап шегеді, бас аурады, қан қысымы жоғарылайды және т. б.

Остеопатиялық массаж түйілген бұлшық еттерді босаңсытады, ал Чикуровтың құпия техникасы омыртқаны тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді

Курстың ұзақтығы бұлшық ет тіндерінің түйілуіне байланысты.

Сессия құны-10 000 теңге.

Мануальды және остеопатиялық техникаының шебері Айгүл Маратқа Whatsapp арқылы жазылу.



Барлық Сәлем!

#сұрақ_Толқынның жауабы айдары - Фейсфитнеспен қай жастан бастап айналысу кеш болады деген сұрақты талдаймыз? Денсаулығымыз, жастығымыз және сұлулығымыздың бәрі бойымыздан кеткен кезде ме? Өзіңмен айналысуды қойған кезде ме?

Менің жауабым - ешқашан кеш емес!!! Орныңыздан тұрыңызда кәзір бастап кетіңіз!!!

Видоны көріңіз, лайк басыңыз және өзіңізді әрдайым жақсы көріңіз!!!

Сәлем, сәлем ️! Теория барысы туралы әңгімені жалғастырамыз, атап айтқанда неге беттің бұлшық еттерді жаттықтыруға болмайды?

Егер сіздің есіңізде болса, Мен алғаш рет фэйсфитнеспен YouTube арқылы видеосабақ көру арқылы танысқан кезде, бұлшық еттерімді жаттықтырып, өзіме қосымша «қайғы қатпарларын» жабыстырып алғандығым, шын мәнінде қайғылы болды.... Мен өз тәжірибелерім мен оқу кезеңдері арқылы шын мәнінде бет бұлшық етіне қандай күш салып қолдану керектігін ізденумен болдым. Менің видеоларымнан жауап табасыз. Жалғасы бар...



Он-лайн курс

Тура, бір жыл бұрын авторлық курсым бойынша он-лайн мектебін ашамын деп армандаған болатынмын,ал жақында -ші ағымын бастаймын, армандар орындалады!!!

Бүгін менің әдістеме бойынша онлайн оқыту қалай өтеді деген сұраққа жауап беремін.

Толық видеоны IGTV қараңыз.

Менің әдістемем Сіздің әдемі және бет әлпетіңіздің жастығын сақтау армандарыңыз да жүзеге асырады!